Шаңғы қоссайысынан Бейжің Олимпиадасына қатысатын спортшы белгілі болды

25 Қаңтар 2022, 11:22
1157
Бөлісу:
Шаңғы қоссайысынан Бейжің Олимпиадасына қатысатын спортшы белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейжің Олимпиадасында тек қана ерлер бақ сынайтын жалғыз спорт түрі бар. 

Бұл - шаңғы қоссайысы. Ақ Олимпиадада аталған спорт түрінен 55 спортшы бақ сынайды. Оның ішінде қазақстандық атлет те бар деп хабарлайды Olympic.kz.

Шаңғы қоссайысынан қазақстандық Шыңғыс Ракпаров бақ сынайды. Ол 1995 жылы дүниеге келген жас спортшы.

"Халықаралық жарыстарда жиған ұпайымыз бойынша Олимпиадаға жолдама берілді. Шыңғыс жас спортшы. Ол үшін бұл Олимпиада үлкен тәжірибе болары анық. Екінші жолдама алатын мүмкіндігіміз де болған. Тағы бір спортшымыз кезекте тұр еді. Алайда, аздап ұпай жетпей қалды", - деді команданың бас бапкері Ділшат Мираев. 

Бейжің Олимпиадасында шаңғы қоссайысынан үш жүлде жиынтығы сарапқа салынады. 

Өзгелердің жаңалығы