Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері бірнеше аймақта дауылды ескерту жариялады.
Күндіз 28 тамызда Атырау облысында кей жерде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл соғады. Жел екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Атырау қаласында күндіз 28 тамызда найзағай ойнайды, желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Күндіз 28 тамызда Маңғыстау облысының кей жерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл көтеріледі, жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауыспалы, күші 15-20 м/с күтіледі.
"28 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай ойнап, бұршақ күтіледі. Күндіз кей жерінде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с", - делінген хабарламада.
Орал қаласында күндіз 28 тамызда найзағай ойнап, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.