Алматы, BAQ.KZ. Ұлттық олимпиада комитеті шанамен сырғанауда әлем кубогі кезеңдері көрерменсіз өтетінін хабарлады.
Коронавирус инфекциясының сейілмеуіне байланысты Халықаралық шана спорты федерациясы (FIL) осындай ұйғарымға келген.
Коронавирус індеті кезінде қаупті азайту үшін барлық санитарлық-гигиеналық шаралар қолданылған.
Қазіргі жағдайға сәйкес, жарыс кезінде көрермендер болмайды. Қатысушылар мен БАҚ өкілдерінің саны да шектеледі. Турнирлер тек қана Еуропа елдерінде өткізіледі және індетке байланысты барлық талатар қатаң түрде сақталады. Бірақ жарыс телеарналар арқылы тікелей эфирде көрсетіледі, - делінген хабарламада.