Шәмшінің әнін көшеде айтып, Мұқағалидің өлеңін базарда оқиды. Зайытов тағы бір мәселе көтерді

5 Наурыз 2025, 11:22
1748
Бөлісу:
Шәмшінің әнін көшеде айтып, Мұқағалидің өлеңін базарда оқиды. Зайытов тағы бір мәселе көтерді
VIDEO
Фото: BAQ.KZ архив

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Мәжілісте азаматтарға қатысты мәселені көтеріп, жауапты органдарға сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Республикалық маңызы бар қалалар – ол шетелдік туристерді көптеп тартатын қалалар. Бірақ бір нюанс бар. Кез келген жерде маңдайшада үш түрлі жазамыз: кириллицамен қазақша, кириллицамен орысша және латынша. Қазір минимализм заманы. Кириллицаны екінің бірі түсініп жатқан жоқ. Ең болмаса мемлекеттік емес орындарда маңдайшадағы жазуларды дизайн кодқа сай тек қана латын әліпбиінде жазу туралы ұсыныс берілсе, осыған Үкіметтің көзқарасы қалай? – деп сұрады депутат Серік Жұманғариннен.

Сонымен қатар Зайытов екінші сұрағын Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерінің өкілдеріне қойды.

Сіздер дауыстық жарнаманы тоқтатамыз деп жатырсыздар. Ол қалай болады? Мысалы, Алтын орда базарында Мұқағалидің өлеңдерін оқып жүріп, кітап сататын ағамыз бар. Оны көру үшін арнайы баратын адамдар бар. Оныкы не қылмыс? Астанада бір апамыз бар. Ол Шәмшінің әндерін айтып жүреді. Алатау театрының “қазақша терапия” деген ұжымы бар. Олардың қымбат билбордтарға ақшалары жоқ. Байғұстар домбыраларын алып, метроның ішінде әндетіп жүріп, керемет әдемі көрініспен, киімдерімен жарнама жасайды. Осы мәселелерді қалай шешісіздер? Олардың не жазығы бар? Айыппұл саласыздар ма? Олардың жағдайы қалай болады? – деп сұрады депутат.

Өзгелердің жаңалығы