Шалқар-Қандыағаш автожолдың бір бөлігі аяқталды

15 Қазан 2023, 19:26
854
Бөлісу:
Шалқар-Қандыағаш автожолдың бір бөлігі аяқталды
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Республикалық маңызы бар «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автомобиль жолының жиырма шақырымы пайдалануға берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта 1960-1970 жылдары пайдалануға берілген және ешқашан жөнделмеген жолдың бүгінде 259-249 және 249-239 шақырымында орташа жөндеу аяқталған.

2024 жылы тағы 75 шақырым автожолға орташа жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Ол Қотыртас ауылына дейін созылмақ.

2024 жылы жолды Мұғалжар ауданынан бастау туралы халық тарапынан ұсыныс бар. Өйткені, Қандыағаш-Жұрын жолына шағым көп. Шалқар мен Ырғыз арасындағы жолды да жөндеу керек», - деді облыс әкімі жол құрылысына қатысты.

Сондай-ақ, ол биыл салынған Қауылжыр, Мөңке би ауылдарының кіреберіс жолдарын қарап, осы 2 елдімекенде бой көтеріп жатқан ауыл клубының құрылысы бағамдалды.

Өзгелердің жаңалығы