Шалғай ауыл тұрғындарына вакцинация қалай жүргізіледі?

24 Ақпан 2021, 18:39
2034
Бөлісу:
Шалғай ауыл тұрғындарына вакцинация қалай жүргізіледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК сарапшысы Нұршай Әзімбаева алыс-жақын елді мекендердегі азаматтарға коронавирусқа қарсы екпе қалай салынатынын айтты.

Шалғай ауыл тұрғындарына вакцинация шараларын жүргізу үшін ол жерлерге жылжымалы екпе салу пунктерінің жұмысы ұйымдастырылған. Ол пункттер арнайы температуралық режимді бірқалыпта ұстап тұратын термоконтейнерлермен жабдықталған. Пункттердегі дәрігер мен медбике арнайы дайындықтан өткізілген. Шалғай елді мекен тұрғындары осындай жылжымалы егу пункттері арқылы толық қамтылатын болады, - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов 65 жастан асқан азаматтарға, олардың медициналық қарсы көрсеткіштерін ескере отырып, вакцина салуға рұқсат етілгенін мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ бас санитардың айтуынша,  вакцинация елдің барлық өңірінде жүргізіліп жатыр. Бас-аяғы 786 екпе салу пункті орнатылған. 

Қазір оның 170-і қолданыста. Барлық пункт тиісті жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.  Тоғыз мыңнан астам медицина қызметкері оқытылған.

Өзгелердің жаңалығы