ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде 10 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Мичурин көшесінде тұрғын үйдің жанында жеңіл автокөлік өртенді.
Өрт салдарынан газ-ауа қоспасының жарылысы орын алып, жалын бес қабатты үйдің 2 және 3-қабаттарындағы балкондарға тарады. Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары баспалдақ арқылы 10 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Өрттің жалпы аумағы 15 ш.м құрады, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Зардап шеккендер жоқ. Өрт толық сөндірілді.