Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шахтадағы оқиғаға байланысты Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті сенім телефонын іске қосты.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде шахтадағы оқиғаға байланысты жедел желі құрылды: 8 (7212) 51-11-10, жедел желі - 8 (7212) 51- 72-23, - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Кеніште барлығы 64 жұмысшы болған. 56 адам дер кезінде эвакуацияланды.
Метан бөліну салдарынан оқиға орнындағы 8 жұмысшының алтауы қаза тауып,2 жұмысшы жарақат алды.