Қарағанды шахтасында зардап шеккендердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Бұл туралы Қарағанды облысының басшысы Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін түнгі сағат 3-те «Арселор Миттал Теміртау» АҚ КД Ленин атындағы шахтасында газдренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде газ таралып кеткен.
Осының салдарынан шахтаның 5 қызметкері қаза тауып, 4 адам Шахтинск және Х.Мақажанов атындағы ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта Үкіметтік комиссия құрылды. Қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Олардың отбасыларына, сондай-ақ зардап шеккендердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі, - деп жазды өңір басшысы.