Ұлытау облысында шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы шахтаның опырылуы себептерін анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі арнайы комиссия құрылды.
Комиссияны Премьер-министрдің орынбасары Қ. Бозымбаев басқарды.
Вице-премьерге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру үшін ТЖ орнына шұғыл бару тапсырылды.