Костенко шахтасында авариялық-құтқару жұмыстары үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тау-кен құтқару бөлімшелері барлық қажетті іс-шараларды ауысыммен жасап жатыр. Жұмыстар тәулік бойы екі өндіру учаскесінде жүргізіліп жатыр.
Тау-кен құтқарушыларының күштері кеншілерді іздеуге шоғырландырылған. Іздеу жұмыстары электр энергиясының жетіспеушілігінен, тау-кен жұмыстарының көптігінен, жеке су басқан қазбаларға қол жетімділіктің болмауынан, көптеген бұзылған механизмдер мен құрылыстардың болуынан қиындық туғызуда. Сондай-ақ, қаза тапқандардың денелерін жер бетіне шығару жұмыстары жүргізілуде. Авария орнында ашық жану ошақтары жоқ, - делінген хабарламада.
Жедел желі телефондары үздіксіз жұмыс істеуде, барлығы 400-ге жуық қоңырау келіп түсті. 20 психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетуде.