Шахтадағы апат: кеніште қалған жұмысшылардың тізімі белгілі болды

17 Ақпан 2025, 23:25
535
Бөлісу:
Шахтадағы апат: кеніште қалған жұмысшылардың тізімі белгілі болды
Фото: ашық дереккөз

Ұлытау облысының төтенше жағдайлар департаменті "Жомарт" кенішіндегі үйінді астында қалған жұмысшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлытау облысының ТЖД қазіргі уақытта құлаған тау жынысы үйінділерінің арғы жағында қалып қойған "Жомарт" шахтасы қызметкерлерінің тізімін хабарлады.

Апат болған кеніште Меңдібаев бригадасының 7 жұмысшысы қалып қойған. Олар:

  1. Нұрылдаев О. – энергетик;
  2. Жақұбаев А. – тау-кен шебері;
  3. Кенжебеков О. – жүк тиегіш-тасымалдау машинасының машинисі;
  4. Ақшалов Н. – сорғы қондырғысының машинисі;
  5. Молдабеков Ғ. – сорғы қондырғысының машинисі;
  6. Жұмадулаев Б. – сорғы қондырғысының машинисі;
  7. Рожков К. – электрслесарь.

Айта кетейік, бүгін Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам үйінді астында қалды.

Өзгелердің жаңалығы