Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда шағын несие беру туралы шарт бойынша шекті сыйақыны бес пайызға төмендету ұсынылды.
Ұлттық банк қаулысына енгізілетін өзгерістер жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.
Жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру шарты бойынша сыйақының ең жоғары мөлшері берілген микрокредит сомасының 20 пайызы мөлшерінде белгіленсін, - делінген құжаттың салыстырмалы кестесінде.
Қаулының қазіргі редакциясына сәйкес, мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген шағын несие беру шарты бойынша шекті мөлшерлеме 25 пайыз болып белгіленген.
Құжатта бұл бастама берілген шағын несиелер бойынша "қарыз алушылардың борыштық жүктемесін шектеу" мақсатында жасалғаны нақтыланған.