Шағын БАҚ пен блогерлер үшін 7 млн теңгеге дейін грант тағайындалды

30 Маусым 2024, 00:25
319
Бөлісу:
Шағын БАҚ пен блогерлер үшін 7 млн теңгеге дейін грант тағайындалды
Фото: Артём Чурсинов -архив

"Медиа дамыту қоры" корпоративтік қоры ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өңірлік БАҚ пен блогерлер арасында грантқа байқау жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Гранттар сомасы: 3-тен 7 млн теңгеге дейін. 

Қаржылық қолдауға ие бола алатындар:

  • Өңірлік шағын БАҚ;
  • Цифрлы контент авторлары (блогерлер).

Шағын өңірлік БАҚ арасындағы конкурсқа өтінімдер 2024 жылғы 25 маусымнан 15 шілдеге дейін, блогерлер арасында – 2024 жылғы 25 маусымнан 24 шілдеге дейін қабылданады.

Екі байқаудың да екі кезеңі болады. Бірінші кезеңде комиссия ең үздік өтініш берушілерді таңдайды. Екінші кезеңде авторлар өз жобасын қорғауы керек.

Айта кетейік, 14 жастан бастап қазақстандықтар блогерлерге берілетін грантқа үміткер бола алады.

Конкурс шарттары туралы толығырақ: www.mdq.kz, e-mail: grants.mdq@gmail.com. Instagram: @media.damytu.qory.

Өзгелердің жаңалығы