«Шаған FEST» фестиваліне шетелдіктер қызығуда

3 Маусым 2024, 17:17
583
Бөлісу:
«Шаған FEST» фестиваліне шетелдіктер қызығуда
Фото: «Visit Жетісу» орталығы

Алғаш рет Ақтекше ауылының маңындағы Шаған тауының етегіне 500-ден астам адам жиналды. Тіпті, шетелдіктер де «Шаған FEST» фестивалне атсалысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Таң бозынан жетісулықтар «Visit Жетісу» ғимаратына жиналды. Тау туризмін сүйетін жастар қажетті заттарын алып, тау аттанды. Алматы облысының өнерпаздары өз көліктерімен келді. Қатысушылардың арасынан шетел азаматтары да табылды.

Фестивальдің басты оқиғасы теңіз деңгейінен биіктігі 2551 метрге жететін Шаған шыңына шығу. Оның ұзындығы табиғи кедергілерді қосқанда 13 шақырымдай болады. Бұл эпикалық жорық табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттырады. Кәсіби мамандар мен саяхатшылар әр қадам сайын ашылатын әдемі көріністерденләззат алып, жолға шықты. Қатысушылар өздерінің күш-қуатын, төзімділігін және спорттық шеберлігін көрсетті. Шаған шыңының басында медаль тапсыру рәсімі өтті, онда әрбір бағындырушы күш-жігері үшін лайықты марапатқа ие болды, - дейді «Visit Жетісу» орталығының директоры Жандос Нұриев.

«Шаған FEST» фестиваліне шетелдіктер қызығуда

Жиын соңында таудың етегіндегі барлық қатысушыларға ұйымдастырушылардың есебінен мерекелік түскі ас берілді. Жастар естелік суретке түсіп, ән айтып, би биледі.

Өңірде тау туризмін дамыту бағытында осында жиындар жи ұйымдастырып тұрған абзал. Жетісу байтақ қазақ даласының өз аңызы бар аймағы. Мұнда тарихтың көзі болған талай құнды заттар жасырынған. Шаған тауы жайлы әпсаналар көп. Соның бәрін алыс-жақыннан келген қатысушалар сол әсерлі әңгімеге қанық болуы қажет, - дейді қатысушы Аслан Тансықбаев.

Бұл іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауда маңызды. «Шаған FEST» жыл сайынғы дәстүрге айналмақ. Жетісуда таулы жорықтар мен экотуризмге бұдан да көп адамдарды тарту жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы