Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ Қашаған кен орнының екі жасанды аралында "Шағала" (қара-ала тұқымды) құстарының жаппай қырылу фактілері анықталды. Қазір саны 2750 – ге жетті, -деп хабарлайды Экология, геология және табиғи ресурстар минисрлігі.
Осыған байланысты Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы арнайы комиссия құрып, аталған аймаққа аттанды. Құстардың өлу себебін анықтау мақсатында - су, топырақ және ауа сынамалары, онымен қатар құстардың өлекселері зерттеуге алынды.
Зерттеу нәтежиесінде, өлген құстардың сынамаларынан АН5 құс тұмауы анықталып отыр.
Қазіргі уақытта Атырау облысының аумағында құстардың жағдайына толық мониторинг жүргізілуде.