Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада "Астана аруы" байқауы өтті. Нұр-Сұлтан қаласының ең сұлу аруы болып Айзада Хабиболлаева танылды.
19 жастағы Айзада Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті, қобызда ойнайды. Байқаудың бірінші вице-миссі – Ханзада Әзірбай, екінші орынға Қарлығаш Жанғарина тұрақтаса, Наталья Федотенкова үшінші вице-мисс атанды.
Сән сайысының жеңімпазы Айзада Хабиболлаева сыйлыққа кәсіби фотосессия, make up бойынша кәсіби мастер-класс, кутюрье ұсынған кешкі киім-кешек және құны 500 мың теңге сертификат ұтып алды, - делінген хабарламада.
Елорда аруын таңдауға қазылық еткендер: Серік Сәпиев, елордалық сән апталығының амбассадоры Дәурен Айқымбаев, имидж-стилист Аида Есеналина, Қазақстан Студенттер альянсының басшысы Ілияс Түстікбаев, "Барыс" қорғаушысы Виктор Сведберг, "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының директоры Алена Карбасова, "Қазақстан аруы – 2019" Мадина Батық, "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының әлеуметтік бағдарламалар директоры Совет Сеитов және "Жас қанаттар" Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы төрағасының орынбасары Зарина Ақшолақова.