Шабуылдау батальонының сарбаздары шартты қарсыластың көзін жойды

Кеше, 20:37
171
Бөлісу:
Шабуылдау батальонының сарбаздары шартты қарсыластың көзін жойды
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

"Мәтібұлақ" полигонында өткен практикалық сабақтар барысында БМП-2 жаяу әскер жауынгерлік машинасының қару-жарағынан шартты қарсыластың сауытты техникасы мен тірі күштері жойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы 6-механикаландырылған құрамасының шабуылдау батальоны Жамбыл облысындағы "Мәтібұлақ" полигонында бақылау ату жаттығуларын өткізді.

Жауынгерлік іс-шараның мақсаты мерзімді қызмет сарбаздарының тактикалық-арнайы дайындық дағдыларын пысықтап, ұрыс қимылдарына барынша жақын жағдайда штаттық қарудан ату машығын жетілдіруге бағытталған.

Әскери қызметшілер БМП-2 жаяу әскер жауынгерлік машинасының штаттық қару-жарағынан шартты қарсыластың 1500 метр қашықтықтағы сауытты техникасы мен тірі күштерін имитациялайтын нысандарды жойды. Бұдан бөлек, сабақ барысында әскери қызметшілер атыс даярлығы, жауынгерлік машинаның ұрыстық жиынтығын жартылай жүктеу, оқжатар мен таспаларды жабдықтау нормативтерін орындады.

Шабуылдау батальонының сарбаздары шартты қарсыластың көзін жойды

Әскери қызметшілер жауынгерлік дағдыларды ғана емес, нақты ұрыс жағдайында аман қалу тәсілдеріне де жаттықты. Атап айтқанда, қираған техникадан экипаждарды эвакуациялау және жараланған жауынгерлерге алғашқы медициналық көмек көрсету тәжірибесін пысықтады.

Практикалық атыс сабақтарын сауатты орындау үшін әрбір жауынгер атыс ережелерін, қару-жарақтың материалдық бөлігін және жаяу әскер жауынгерлік машинасын қолдану тактикасын мұқият білуі қажет. Бір сабақ кезінде сарбаздар климаты қатал қысқы жағдайда табандылық танытып, қойылған барлық міндеттерді сәтті орындады, – деп атап өтті шабуылдау батальонының сержанты Әнуар Молдабеков.

Жауынгерлік дайындықтың жоғары деңгейі әскери қызметшілердің өзара іс-қимыл жасау дағдылары мен нақты жауынгерлік жағдайда тактикалық тәсілдерді қолдану қабілетін көрсетті.

Практикалық сабақтарға барлығы тоқсанға жуық әскери қызметші қатысты.

Өзгелердің жаңалығы