Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Алматы облысы Талғар аудандық сотында Bek Air әуекомпаниясының ұшақ соғылған үй иесіне қатысты талап арызы қаралу керек еді. Алайда бірнеше себептерге байланысты қаралым кейінге шегерілді.
Сот үйі қираған Решат Қалибектің адвокат және аудармашы жалдауға мүмкіндігі болмағанын айта келе, соттың алдын ала тыңдауы 20 наурызға шегерілгенін мәлімдеді.
Bek Air компаниясы ұшақ соғылған үйді заңсыз салынған деп тану жөнінде шағым түсірген. Аталған компанияның басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов бұл құрылысты заңсыз салынды деп тануын қалайтындарын жеткізді.
Біздің басты талабымыз бұл құрылыстың заңсыз салынғанын мойындау, - деді ол.
Үйі бүлінген Решат Қалибек те өз кезегінде әуекомпаниясы үстінен арыз жазатынын мәлімдеді.
Мен олардың талаптарымен келіспеймін. Өйткені бұл жер телімін заңды түрде сатып алғанмын және онда үй салуға болатыны көрсетілген. Енді жауап ретінде әуекомпанияның үстінен арыз түсіремін. Олар өтемақы төлеуден қашып, мені жауапты еткілері келеді, - деді ол.
Сондай-ақ, ол бұған дейін Талғар аудандық әкімдігі "бәрі дұрыс болады" деген соң әуекомпаниясы үстінен ешқандай арыз жазбай келгенін айтты.
Мен заңгерлермен кеңестім. Олардың ойы менің үйімді заңсыз деп танып, 12 адамның өлімін менің мойныма артпақ. Ескі ұшақтарының құлауына жауап бергеннің орнына менің үйімді қиратты, онымен қоймай мені сотқа берді, - дейді үй иесі.Еске салсақ, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтан қаласына бет алған Fokker-100 ұшағы апатқа ұшырап, 12 адам қаза тапқан еді.