ШҚО жастары неліктен көршілес елдерге оқуға кетіп жатыр

22 Қараша 2019, 15:35
8772
Бөлісу:
ШҚО жастары неліктен көршілес елдерге оқуға кетіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов ел жастарының неліктен оқу үшін шетелге кететінін түсіндірді. Шығыс Қазақстаннан шыққан 500-ден астам мектеп бітіруші Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алады екен. 

Әкімнің сөзіне сүйенсек, көршілес мемлекеттерге барып білім алсам деген ел жастарының саны жылдан-жылға азайып келеді.
Біз қазақстандық оқушылардың білім алу үшін бауырлас елдерге неге кетеді деген сұрақ қойып, соған арнайы талдау жүргіздік. Сөйтіп, біздің колледждер мен университеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын шараларды қолдандық. Жалпы білім беретін мектептердегі білім беру процесінің деңгейін арттырдық, - деп айтты Даниал Ахметов.

Әкім нақты статистикадан мысалдар келтіріп өтті. 

Осыдан үш жыл бұрын 1846 қазақ баласы Ресей Федерациясына оқуға кеткен. Ал, қазір олай емес. Оның саны аз. Бүгінде 536 бала көршілес Ресейде білім алады. Мен ойлаймын, бұл жастар Ресейдің ең үздік білім ордаларында оқып жүрген студенттер. Ал қалғандары өз елімізде білім алып жатыр, - деп атап өтті облыс әкім бүгінгі баспасөз мәслихатында.

Ахметовтің айтуынша, ахуалдың жақсаруына Елбасының грант берудегі тиімді саясаты оң әсерін тигізіп отыр. 


Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру грантын бөлудегі тиімді саясаты және отандық жоғары оқу орындарының бәсекеге төтеп бере алатындығы бұл жағдайдың жақсаруына себеп болып отыр. Және үшіншіден ата-аналардың елдегі білім беру жүйесіндегі тың өзгерістерге көз жеткізіп, жетістіктерге куә болуы. Бұл Қазақстанның болашағы – жастардың сапалы білім алып жатқанына сенімді болуға түрткі болады, - дейді әкім.

Өзгелердің жаңалығы