ШҚО туристік нысандар саны бойынша елімізде көш бастап тұр

<h4> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2018 жылы ішкі туризм қызметіне 5,9 миллионға жуық отандасымыз жүгінген. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды. </h4>

 29 Мамыр 2019 2019, 20:27
29 Мамыр 2019 2019, 20:27
3251

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2018 жылы ішкі туризм қызметіне 5,9 миллионға жуық отандасымыз жүгінген. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Белгілі болғандай, былтыр еліміздегі шипажай-курорттық орындарға барған қазақстандық туристер саны 296,9 мың адамды құраған (2017 жылы 285,8 мың адам). Ал ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды 871,9 мың адам таңдаған, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 889,6 мың адамды құрады.

Қазақстандықтар мен шетелдік қонақтарды қабылдауға дайын туристік нысандардың саны бір жылда 2,99 мыңнан 3,32 мыңға дейін артты. Олардың ең көбі Шығыс Қазақстан (537 нысан), Алматы (519) мен Ақмола (287) облыстарында шоғырланған.

Наверх