ШҚО тұрғындары Астанада қайтыс болған балаларға арнап құран қатым бағыштады

8 Ақпан 2019, 19:14
2296
Бөлісу:
ШҚО тұрғындары Астанада қайтыс болған балаларға арнап құран қатым бағыштады

Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Өскемен қаласының тұрғындары қасиетті жұма күні Халифа Алтай атындағы орталық мешітке жиналып, Астана қаласында өрттің құрбаны болған бес бүлдіршінді еске алды. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының Өскемен өңіріндегі өкіл имамы Ермек қажы Мұқатай балалардың рухтарына арнап құран қатым бағыштады.

 «Бүгін Шығыс Қазақстанның 19 аудан, қаласындағы барлық мешіттерде өрт кезінде қайтыс болған балалардың рухтарына арнап құран оқылуда. Біз еліміздің барша тұрғындарымен бірге қайғырып, орны толмас ауыр қазаға ортақтас екенімізді жеткіземіз», - деді имам Ермек қажы Мұқатай жиналғандарға арнаған өз сөзінде.
 «Бұл аса ауыр қайғы. Халқымызда «Қайғыны бөліссе – азаяды» деген дана сөзі бар. Біздің жерлестеріміз сәбилерінен айрылып, қазадан қан жұтып отырған ата-анасының басына түскен ауыр жүкті бөлісіп, көңіл айтады. Біз бүгін мұнд, осындай ауыр қаза жағдайында халқымызға тән шынайы жанашырлық және күйзеліс ниетімен жиналдық. Алла біздің шаңырақтарымызды сәбидің сыңғыр күлкісінен үзбесін», - деді мәдениет, спорт, туризм, ақпарат қызметкерлері кәсіподағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Түсіпхан Түсіпбеков.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ 

Фото: ШҚО Ішкі саясат басқармасы

Өзгелердің жаңалығы