ШҚО көпірлер көктемгі су тасқынына дайындалуда

12 Наурыз 2019, 21:34
2366
Бөлісу:
ШҚО көпірлер көктемгі су тасқынына дайындалуда

Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстан облысының автожолдарындағы үш мыңнан астам көпір мен су өткізгіш құбырдың 59 пайызы көктемгі су тасқынына толықтай дайын. 

Қалғаны апта соңына дейін тазаланып, қауіпті деген жол бөліктері жіті назаға алынбақ. Бұл жөнінде облыс әкімідігінің кеңейтілген аппарат отырысында айтылды.

«Өңірдегі облыстық және аудандық маңыздағы автожолдарда барлығы 4 814 су өткізгіш құбырлар мен 385 көпір бар. Қазіргі уақытта 2807 су өткізгіш құбыр мен 257 көпірге тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұл жалпы ауқымның 59 пайызын құрайды. Көктемгі су тасқынының алдын алуға байланысты жұмыстар жоспар бойынша жүргізілуде. Облыстық маңыздағы автожолдарда су тасқыны анағұрлым қауып төндіретін елу екі бөлік бар. Олардың барлығы қатаң бақылауға алынған», - дейді ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмәділов.

Басқарма басшысының айтуынша, бүгінгі күні облыста 57 мың текше метр көлемде түрлі материалдар дайындалып қойған. Атап айтсақ, оның 30 мың текше метрден астамы қиыршық тас, 17,6 мың текше метрі құм болса, 8,2 мың текше метрі құмды-гравийлі қоспа. Бұдан бөлек 60 мыңнан астам қап дайындалған.

«Облыстық және аудандық маңыздағы жолдарды күтіп-ұстауға жауапты кәсіпорындарда 752 арнайы техника сайланып қойған. Қазіргі уақытта олардың жұмысын реттейтін шаралар жоспары жасалып, онда әрбір кәсіпорынның апатты жағдай орын ала қалса не істеу керектігі егжей-тегжейлі көрсетілген», - деп қосты Нұржан Жұмәділов.

Өзгелердің жаңалығы