ШҚО-да жүргізілген рейд барысында балықшылардан 67 ау тәркіленді

18 Маусым 2020, 09:55
1528
Бөлісу:
ШҚО-да жүргізілген рейд барысында балықшылардан 67 ау тәркіленді

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыста көктемгі уылдырық шашу маусымына байланысты салынған тыйымға бағынбаған 130 адам жауапкершілікке тартылды.

Бұл туралы облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы хабарлады.

Сәуір айының бірінші онкүндігінен 15 маусымға дейінгі аралықта біздің инспекторлық құрам 281 рет рейд ұйымдастырды. Шара барысында 130 әкімшілік заңбұзушылық анықталып, хаттамалар толтырылды. Оның 21-і суда жүзу құралдарының режимін бұзу, 97-сі балықты заңсыз аулау, бесеуі балықты заңсыз тасымалдау, ал төртеуі ерекше қорғалған аумақта болу тәртібін бұзу және аңшылық ережелерін сақтамау бойынша қозғалған істер. Нәтижесінде 23 әкімшілік іс сотқа жолданса, екі іс қылмыстық іс ретінде тергеу органдарына жіберілді. Адамдардан үш қозғалтқыш, төрт қайық, 40 шақты аулау құрылғысы мен 67 дана ау тәркіленді, - дейді облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының балық шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Фархат Байбазаров.
Жалпы, бұл уақыт аралығында заңды белден басқан балықшылардан 381 келі балық тәркіленіп, 108 адамға 1,8 млн теңге мөлшерінде айыппұл санкциялары салынды.

Сондай-ақ, табиғатқа келтірілген шығынды өтеуге қатысты 6,9 мың теңгеден астам мөлшерде айыппұл қарастырылды.

Өзгелердің жаңалығы