ШҚО-дағы онлайн сот отырысы

21 Сәуір 2020, 19:38
1953
Бөлісу:
ШҚО-дағы онлайн сот отырысы

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Инновациялық жүйелердің сот жүйесіне енгізілуі істерді қашықтықтан қарауға мүмкіндік беруде.

Облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері "Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығын іске асыру нұсқаулығының талаптарына сәйкес, сондай-ақ короновирустың алдын-алу мақсатында Солжағалау аудандық ПҚБ есебіне тұрған сотталғандармен сот істерін онлайн режимде қарауға көшті, - дейді ШҚО ҚАЖД Солжағалау аудандық ПҚ аға инспекторы, әділет лейтенанты Алуа Камитова.

Бұл дегеніміз, сот жүйесінің цифрлы инновациялық технологиялардың енгізілуі өз нәтижесін беріп, тиімділігін күнделікті дәлелдеуде деген сөз. Яғни тараптар ұялы байланыс арқылы сот отырысына қашықтықтан қатысып жатыр.

Карантин басталғалы Солжағалау аудандық ПҚ бөлімінде сотталған азаматтарды мерзімінен бұрын босату ісі бойынша бес сот отырысын өткізіп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне енген өзгерістер бойынша төрт істі, сонымен қатар пробациялық бақылау уақытын созу ісі бойынша төрт істі қарады, - деп қосты Алуа Камитова.

Өзгелердің жаңалығы