ШҚО-да сотталғандар қорғаныс костюмдерін тігуде

18 Шілде 2020, 14:30
1256
Бөлісу:
ШҚО-да сотталғандар қорғаныс костюмдерін тігуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта "Еңбек-Өскемен" РМК кәсіпорны облыстың түзеу мекемелерінде 800-ден астам сотталғанды жұмысқа орналастырды, сондай-ақ, бұл мекеме жазасын өтеушілерге негізгі жұмыс беруші болып табылады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Короновирустың пандемиясы көптеген басқа ұйымдағы сияқты кәсіпорын өндірісіне теріс әсер етті, алайда кәсіпорын өндірісті тез қайта бағдарлай алды, өйткені қолда бар тігін цехтарында көп реттік қорғаныш маскалар мен қорғаныш комбинезондар өндірісі игерілді, сондай-ақ, дезинфекциялық тоннельдер өндірісі игерілді.

Тек қорғау маскаларын кәсіпорын түзеу мекемелерінің, мемлекеттік органдардың және облыс азаматтарының мұқтаждықтары үшін 400 мыңға жуығын әзірледі. Қазіргі уақытта кәсіпорын 10 000 қорғаныс комбинезонын тігуге тапсырыс алды.
Өндірісті уақытылы қайта бағдарлау кәсіпорынға сотталғандар үшін жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік берді, тек кәсіпорынның тігін цехтарында бүгінгі таңда 200-ден астам сотталған жұмыс істейді, – деді ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Ғалымжан Балтабаев.

Өзгелердің жаңалығы