Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ұйымдастыруымен Өскемен қаласындағы дәріханалар мен дәріханалық қоймаларға мониторинг жүргізілді.
Рейд кезінде "Inkar" ЖШС фармацевтикалық компаниясының филиалына дәрі-дәрмек, оның ішінде ыстықты түсіретін, вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер түсті."Inkar" ЖШС фармацевтикалық компаниясының филиалы басшылығының айтуынша, парацетамолдың шамамен 30 мың қаптамасы келіп түскен. Дәрілік заттар Өскемен, Риддер қалалары мен Шемонаиха, Зайсан, Күршім, Алтай аудандарының дәріханалары арасында үлестіріледі. Шамамен 20-22 шілде күндері дәрілік препараттар аталған облыстың қалалары мен аудандарының дәріханаларда пайда болады.
Шығыс Қазақстан облысының аумағында фармацевтикалық қызметтің 800-ден астам субъектісі, оның ішінде дәрілік заттарды бөлшек сатуды жүзеге асыратын дәріханалар, дәріхана қоймалары (көтерме компаниялар), оптика және медициналық бұйымдар дүкендері жұмыс істейді. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жіті респираторлық вирусты инфекцияның кешенді терапиясында және жіті респираторлық науқастарда қолданылатын антипираторлы (цефтриаксон, азитромицин) және вирусқа қарсы дәрі-дәрмек препараттарының тапшылығы жағдайы орын алды. ШҚО бөлшек сауда желісіне одан әрі өткізу үшін дәріхана қоймаларына жоспарланған дәрілік заттарды жеткізу бойынша мониторинг жүргізіледі, дәріхана қоймалары арқылы түсетін дәрілік заттар дәріханаларға түсе салысымен бірден көп мөлшерде дәрілік препараттарды сатып алу жағдайлары да кездесті- дейді ШҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтерің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұргұл Кұнапиянова.
Дәрігерлердің рецептісіз және лицензияланған фармацевтикалық қызметсіз дәрілік заттардың шекті бағаларын көтеру фактілері анықталған
Осыған байланысты департамент тарапынан 14.07.2020 жылғы жағдай бойынша ҚР ӘҚБК 426-бабы 1-бөлімі, 424-бабы 1-бөлімі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жазалау,а тартылғандар бар . Департамент ыстықты түсіретін, вирусқа қарсы, ауырсынуды басатын және жеке қорғану құралдарына мониторинг жүргізуді жалғастыруда, - делінген ақпаратта.