ШҚО-да қарттар үйі өртеніп кетті

8 Қазан 2019, 23:36
2209
Бөлісу:
ШҚО-да қарттар үйі өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында аудандардың бірінде қарттар үйі өртеніп кетті.

Алтайньюс сайтының хабарлауынша, өрт Алтай ауданына қарасты Парыгино ауылындағы «Лад» коммерциялық емес қайырымдылық мекемесінің ғимаратында болды. Жалын әуел баста моншада тұтанып, кейін жанындағы пансионаттың ғимаратына ауысқан.

Пансионат қызметкері моншадағы түтінді байқап қалып, өрт сөндіру қызметін шақыртады. Өрт сөндірушілер пансионат қызметкерлерімен бірге 18 зейнеткерді қауіпсіз жерге көшірген.

Өрттің жалпы аумағы 302 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендер жоқ. Алайда, пансионатқа өте үлкен шығын келген екен. Қазіргі уақытта пансионатта тұрып жатқан қарттар панасыз қалып отыр.

 



Өзгелердің жаңалығы