Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көліктегі полиция департаментінің таратқан ақпараты бойынша, оқиға Шемонаиха ауданының аумағында болған.
30 тамызда «Рулиха-Усть-Таловка» учаскесінде машинист, яғни пойыз жүргізушісі өтуге болмайтын жерді кесіп өтіп бара жатқан 47 жастағы әйелді қағып кетті, - деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жәбірленуші алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.