Астана, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында Алматы-Өскемен бағытындағы жолдың 681-шақырымында көліктер бораннан жүре алмай қалған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдай жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қатты боран салдарынан 20 қаңтарда түскі сағат 12-ден бастап бұл бағыт бойынша жол жабылған.
Комитеттің хабарлауынша, жолда қалған жеті автобус, 45 камаз, 30 жеңіл көлік, сегіз газель ішінде шамамен 400-ден астам адам болған.
Адамдарды қауіпсіз жерге көшіру үшін оқиға орнына оннан астам қызметкер, бірнеше техника жіберілген.
«Алайда жолаушылар көліктерін жолда тастап кеткісі келмейді" деп хабарлады ведомство өкілдері.
Таскескен ауылындағы Үржар аудандық әкімдігінің "мәдениет үйінде" жолда қалғандарға жылыну орындары ұйымдастырылған.