ШҚО-да 1762 бос жұмыс орны бар

23 Маусым 2019, 12:45
2870
Бөлісу:
ШҚО-да 1762 бос жұмыс орны бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аймақта қазір 717 ұстаз жетіспейді. Білім саласындағы кадр тапшылығы негізінен алыс аудандар мен ауылдарда байқалады. Сондай-ақ өңірге білікті 170 ветеринар қажет. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.

Құрылыс және өңдеу өнеркәсібіне инженерлер жетіспей жатыр. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Өскеменде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Оған облыстағы 70-тен аса кәсіпорын қатысып, мыңға жуық жұмыс ұсынды.

Жалпы аймақта құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Бірақ білікті инженер, тас қалаушы және кранда жұмыс істейтін мамандар тапшы. Бұл сала бойынша 500-ге жуық жұмыс орны бос тұр.

«Жұмыс берушілер мамандармен көзбе-көз сөйлесіп, өз ұсыныстарын жасап жатыр. Ал «Серпін» бағдарламасымен оқу бітіргендер Шығыс Қазақстан облысында қалмақ. Оған қоса басқа жақтан көшіп келіп жатқан, отбасыларға мемлектетік бағдарлама бойынша барлық көмек көрсетіліп жатыр», - дейді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Тимур Жігітаев.

Өзгелердің жаңалығы