Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ. ШҚО-да «Nur Otan» партиясы праймеризі дауыс беру кезеңінің үшінші күні өтіп жатыр. Бүгін таңғы 8.00-ден бастап өңірдің 15 ауданында және 4 қалада 221 арнайы дауыс беру орындары жұмысын бастады.
Бұл орындардың 159-інде онлайн режимде, ал 62 орында қағаз бюллетень арқылы дауыс беріледі. Онлайн дауыс берілген 2 күннің ішінде ШҚО бойынша жалпы 34 398 партия мүшесі (4 қазан, 11.00-дегі мәлімет) өз таңдауын жасап үлгерді.
Қазіргі таңда арнайы әзірленген орында дауыс беру жалғасуда. Облыс жұртшылығы таңғы 8.00-ден бастап учаскелерге келіп, белсенділігін танытып жатыр. Олардың арасында сан түрлі саланың өкілдері бар. Онлайн дауыс беру орындары компьютермен қамтамасыз етілген. Жалпы өңірде праймеризге деген қызығушылық өте жоғары. Дауыс беру орындарында карантин талаптары сақталған. Ұйымдастыру және санақ комитеттері жұмыс жүргізіп жатыр.