Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бесқарағай ауданында көпбалалы және жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға мектеп формалары таратылды. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.
«Бесқарағай ауданында көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылардың саны – 740. Таратып айтсақ, 518-і көп балалы, 222-сі аз қамтылған санатынан. Тегін мектеп формасын беру ағымдағы жылдың 2-5 тамыз аралығында жүзеге асырылатын болады», - деді аудан әкімдігінің қызметкері.
Аталған категорияларға мектеп формасын беру Қара Мырза, Глуховка, Белокаменка, Канонерка ауылдарынан басталды.