Астана, BAQ.KZ. Жалпы Қазақстанда 13214 қасқыр бар. Шығыс Қазақстан түз тағысының саны бойынша алғашқы үштікті өкшелеп тұр. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
Ең көп қасқыр Алматы облысына тиесілі. Онда барлығы 3000 қасқыр бар. Одан кейінгі орында Атырау облысы. Ол жақта 2060 қасқыр бар. Үштікті 1502 қасқырмен Қызылорда түйіндеді. Шығыс өңірінде бұдан біраз ғана аз, 1196 қасыр бар.
Түз тағысы ең аз кездесетін аймақ – Ақмола облысы. Ал Солтүстік Қазақстан өңірінде қасқыр атаулы қалмаған.
Жер бетінде барлығы 300 000-ға жуық қасқыр бар болса, Қазақстан бұл ретте әлемдік рейтингтің көш басында.