Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында індетпен күресіп жатқан дәрігерлер туралы айтты.
Біздің облыста 17 мыңнан астам дәрігер жұмыс істейді. Олар қауіпті ошақтарда жұмыс істеп жатыр. Індетті жұқтырған дәрігерлер де бар. Облыс бойынша 132 дәрігер індетке шалдықты. Оның 24 сауығып шықты, өкінішке қарай, 5 дәрігер көз жұмды, - деді ол.Облыс әкімі дәрігерлерге 2 млрд теңгеден астам үстемақы төленіп жатқанын айтты.
Облыста бұл тараптан ешқандай кемшілік пен наразылық жоқ. Одан бөлек, 1 реттік 20 мың дана қорғаныш киімі жеткізілді. 350 мың маска сатып алынды. 65 мың хирургиялық көпқабатты маска, 511 мың медициналық қолғап пен 20 мың литрге дейін антисептик сатып алынды. Бұл жабдықтардың барлығы дәрігерлерге таратылды. Бұл жағынан ешқандай тапшылық жоқ, - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысында пневмониядан 46 адам көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.