Сейсмология институты Конституция күнін атап өтті

30 Тамыз 2023, 15:08
878
Бөлісу:
Сейсмология институты Конституция күнін атап өтті
Фото: Сейсмология институты

Сейсмология институтында Қазақстан Республикасының Конституциясы күні аталып өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Салтанатты іс-шара Қазақстанның әнұраны орындаумен басталды.

Мерекені Заң және құқық бөлімінің бастығы Жандос Маратұлы ашып, мемлекетіміздің маңызды қағидаттарына тоқталды.

Біріншіден, Конституция әр адамның құқықтары мен бостандықтарының көрінісі, бүкіл мемлекет идеологиясының көрінісі болып қала береді. Біздің қоғамның әрбір азаматы өз құқықтарын, міндеттері мен ережелерін сақтауға және заңдарды құрметтеуге міндетті, - деді бөлім басшысы.

Сейсмология институтының директоры Дәулет Сәрсенбаев жиынға қатысушыларды құттықтап, зор денсаулық, амандық, ұзақ өмір, елімізге бейбіт өмір тіледі. Сонымен қатар, қызметкерлерге сейсмология саласындағы отандық ғылымды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті. Олардың қатарында: Қуат Жағабаев, Рита Савельева, Шолпан Мақұлбекова және Анелия Төлеумұхамедова сынды қызметкерлер бар.

Сейсмология институты Конституция күнін атап өтті

Директордың ғылым жөніндегі орынбасары Нұрсарсен Өзбеков өз сөзінде Қазақстан Республикасы Конституциясының Тәуелсіздіктің, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің негізі ретіндегі тарихи маңызын атап өтті.

Оның айтуынша, қазақ даласында алғашқы заңдар Қазақ хандығы тұсында жасалса, тарихи деректерде қазақтың көрнекті үш ханы – Қасым Есім мен Тәукенің белсенді заң шығару қызметін баяндайды. Қазақ даласында Тәуке ханның заңдар жинағы«Жеті Жарғы» деп аталады. Қоғам өмірінің барлық салаларын қамтитын ең үздік әрі кең тараған заңдар болды.

Ата заң мерекесі құрметіне Төлеген Жүнісбеков ұлттық домбырада қазақ әндерін шырқап, күйлерін тартты.

Өзгелердің жаңалығы