Алматы, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореядан Алматыға келген азаматтар карантинге жабылды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 4 наурыздағы Қаулысына сәйкес коронавирустық инфекция (COVID-19) бойынша 1 санаттағы елдерден (ҚХР, Оңтүстік Корея, Иран) оралған адамдар Қазақстанға келген күннен бастап жергілікті атқарушы органдар белгілеген нысанда 14 күн карантинде болады.Осы Қаулыға сәйкес 05.03.2020 жылы сағат 15.50-де Сеул-Алматы рейсімен 197 адам келді. Оның ішінде, 97 жолаушы транзитпен келген (Қырғызстан-23, Өзбекстан-37, РФ – 16, Украина – 18, Оңтүстік Корея – 2, Тәжікстан - 1). Қырғызстан өз азаматтары үшін автобус жіберді. Полиция қызметкерлерінің көмегімен 21 қырғызстандық мінген втобус Қырғыз Республикасына жолға шықты. Жалпы 100 адам медициналық мекемеге жеткізіліп, орналастырылды, оның ішінде 4 бала бар. Карантинде отырған адамдарға толық медициналық бақылау жүргізіледі, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, карантин кезінде (14 күн): карантин орнынан кетуге рұқсат етілмейтіні акйтылады. Карантин тәртібін бұзылғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік мақсатында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша барлық қажетті шаралар қабылдауда.