Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Серік Жұманғариннің әйелі 88 млн теңгеден астам табыс тапты

5 Қаңтар 2026, 20:11
970
Бөлісу:
 Үкіметтің баспасөз қызметі
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің жұбайы 2024 жылы 88 млн теңгеден астам табыс тапқан. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ұлттық экономика министрлігі 2024 жылға арналған лауазымды тұлғалардың кірістері туралы мәліметті жариялады. 

Министрлікте жарияланған құжатқа сәйкес, есепті салық кезеңінде көрсетілген табыс министрге емес, оның жұбайы Сәния Садықоваға тиесілі. 

Декларацияда Сәния Садықованың 2024 жылғы жалпы табысы 88 678 984 теңге болғаны көрсетілген. Аталған қаражат бағалы қағаздар нарығына инвестиция салудан түскен кірістер, яғни дивидендтер мен сыйақылар ретінде алынған.

Серік Жұманғариннің әйелі 88 млн теңгеден астам табыс тапты
gov.kz/скрин
Өзгелердің жаңалығы