Серік Сәпиев балуанмен болған төбелеске қатысты пікір білдірді

27 Ақпан 2023, 10:22
925
Бөлісу:
Серік Сәпиев балуанмен болған төбелеске қатысты пікір білдірді
Фото: Бейнежазбадан скрин

Серік Сәпиев Алматыда өткен Naiza 49 аралас жекпе жек турнирінде балуан Зелимхан Мусихановпен болған жанжалға қатысты пікір білдірді,  деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Кез келген жекпе-жекте болатын жағдай. Мен солай деп есептеймін. Мұндай жағдай жекпе-жекте де, футбол да да болып тұрады. Бірақ ойыннан кейін  дос болып қалуымыз керек. Мен рингте қарсыласымды аямаймын, бірақ жекпе-жектен соң біз доспыз, - деді Сәпиев.

Серік Сәпиев ерегестің неден басталғанын айтты.

Ойын аяқталғаннан кейін мен қол алысуға бардым да оппонентіме күлімсіреп: «Ондай болып тұрады» дедім. Ол эмоциямен жауап берді. Менің артық ойым болған жоқ, бірақ маған негативпен жауап қайтарылды. Сондықтан мен де негативпен жауап берген соң жағдай осылай болды, - дейді Сәпиев.

Өзгелердің жаңалығы