Сергей Морозов Хабибтің інісімен жұдырықтасуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық файтер Сергей Морозов (16-4) UFC дебютін 24 қазанда өткізеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="http://prosports.kz/" target="_blank">Prosports.kz</a>&nbsp;сайты.

 18 Тамыз 2020 2020, 23:27
18 Тамыз 2020 2020, 23:27
1771

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық файтер Сергей Морозов (16-4) UFC дебютін 24 қазанда өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Сергей Морозовтың жекпе-жегі UFC 254 алаңында өтеді, оның басты додасында UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедов америкалық спортшы Дастин Гэтжимен кездеседі. Турнир Абу-Дабидегі (БАӘ) Сарбаздар аралында өтеді.

ТАСС агенттігінің журналисі Игорь Лазориннің мәліметінше, Сергей Морозов дебютті жекпе-жегінде UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің інісі Умар Нурмагомедовпен жұдырықтасуы мүмкін.

Бұған дейін қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (13-4) Сергей Морозовпен бірдей турнирге қатыса алады деп хабарланған болатын.

Наверх