ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы Сергей Лебедев сайлаудың қалай өткені туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Кешегі өткен ҚР Президентін анықтайтан кезектен тыс сайлаудағы дауыс беру науқанына ТМД елдерінен 174 халықаралық байқаушы қатысты. Миссия басшысы Сергей Лебедевтің сөзінше бақылаушылар. сайлауға тыңғылықты дайындалып, барлық өңірдегі сайлау учаскелерін аралағанын айтты.
Сайлау науқаны басталғаннан бастап біздің 10 бақылаушы өңірлерді аралап дайындықты пысықтады. Ал кешегі дауыс беру барысына қысқа мерзімді байқаушылар түгел жиналып, барлығы 9 мемлекеттен 174 халықаралық бақылаушы дауыс беру барысын қадағалады. Дауыс беру барысында барлық өңірден түнге дейін ақпарат алып отырдық. Дауыс беру барысында ешқандай заң бұзушылықтың болмағанын айтқым келеді,-деді ол.
Сондай-ақ, сайлау науқанында Қазақстан азаматтарының дауыс беруге қатысуда белсенді болғанын және әрбір сайлау учаскесінде Қазақстандықтардың дауыс беруге түгел отбасымен келуін ерекше атап өтті.
Қазақстан бойынша азаматтардың дауыс беру белсенділігі 70%-ды құрап отыр. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Өңірлер бойынша да азаматтардың тең жартысы дауыс беруге қатысты. Тек Алматы қаласының белсенділігі төмен болды. Елордада мен сайлау учаскесіне сайлаушылардың жалғыз емес отбасымен көп келуін ерекше айтқым келеді ,-деді ол.
Сонымен қатар, дауыс беру барысында кандидаттар арасында "қара пиар" жүргізілмеді. Айтуынша, дәл осы жағдай дауыс беруде ешқандай заң бұзушылықтың болмауына себепкер болды.