Сербияда төрт боксшымыз чемпион атанды

Сербия астанасы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 pixabay.com 18 Наурыз 2024 2024, 11:18
18 Наурыз 2024 2024, 11:18
751
Фото: pixabay.com

Сербия астанасы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан бокс федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандықтар 4 алтын, 4 күміс медальмен жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды.

Финалда жұдырықтасқан сегіз боксшының ішінде Ернұр Қайрат (48 кг), Санжар Тәшкенбай (51 кг), Дәулет Молдашев (54 кг) және Диас Молжігітов чемпион атанды. Ал Сабыржан Аққалықов (71 кг), Ерасыл Жақпеков (80 кг), Данияр Рахымбердинов (92 кг), Олжас Боқаев (+92 кг) күмісті қанағат тұтты.

Айта кетейік, аталмыш жарыста Қазақстан намысын 12 боксшы қорғады.

Наверх