Сербияда бетпердесіз жүргендерге айыппұл салынады

4 Шілде 2020, 08:46
1592
Бөлісу:
Сербияда бетпердесіз жүргендерге айыппұл салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сербияда қоғамдық орындарда бетперде тақпай жүргендерге айыппұл салынатын болды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Сондай-ақ түнде жұмыс істейтін дәмханалар мен клубтар, студенттік жатақханалар жабылмақ. Бұған науқастар санының күн санап артуы себеп. Соңғы тәулікте бұл мемлекетте 300-ден астам жаңа дерек тіркеліп, 6 науқас індеттен қайтыс болды. Ал вирус жұқтырғандардың жалпы саны 15 мыңнан асып отыр. 
Үкімет бірқатар сақтық шарасын күшейтті. Түнгі сағат 11-ден таңғы 6-ға дейін жұмыс істейтін дәмханалар мен клубтар екі аптаға жабылады. Дүйсенбіден бастап сауда орталықтары мен қоғамдық көлікте маска тақпағандарға 5 мың динар көлемінде айыппұл салынады. Жабық орындарда адамдардың көптеп жиналуы вирустың таралуына қолайлы жағдай жасады деп ойлаймын, – дейді Сербия президенті Александр Вучич.

Өзгелердің жаңалығы