Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті

26 Қыркүйек 2020, 12:04
1467
Бөлісу:
Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Алматыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Қайрат Жолдыбайұлымен және Андрей Чеботаревпен кездесу өткізді.

Қоғам қайраткері Қайрат Жолдыбайұлымен кездесуде демографиялық саясат, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесі және еліміздегі балалар әдебиетін дамыту мәселелері талқыланды.

«Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған бастамаларына қолдау білдірді. Атап айтқанда ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізудің маңыздылығы еліміздің саяси трансформация үдерісіндегі тағы бір оң қадам екенін айтты. Сонымен қатар кездесуде жергілікті өзін-өзі басқару ісін одан әрі дамыту, мемлекеттік стратегиялық жоспарлау жүйесін жақсарту, мүлік меншіктерінің бірлестігін құру және оның қызметі жөніндегі ұсыныстар қарастырылды.

Өзгелердің жаңалығы