Сенбіге арналған ауа райы болжамы

25 Қаңтар 2020, 08:13
1375
Бөлісу:
Сенбіге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжауынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде қалың қар жауады, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, боран соғады.

25 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық ағындардың бөліктердің әсерінде болатындықтан құбылмалы ауа-райы сақталады, республика бойынша жауын-шашын түседі, көбінесе қар жауады, оңтүстіктің кей жерлерінде қатты жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады, – делінген ауа райы болжамында. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да көп, кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20, екпіні 23 м/с. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, күндіз кей жерлерде көктайғақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 23 м/с. 

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 16-21 м/с, Жалаңашкөл ауданында 24-29 м/с күшейеді. 

Ақмола, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күтіледі. 

Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі. 

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күтіледі. 

Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күтіледі. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.


Өзгелердің жаңалығы