Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өткен аптада бірнеше қалада карантиндік шектеулер күшейтілген болатын. Алдағы уақытта бұл шектеулер жалғаса ма?
Бұған Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова жауап бере алмады.
Демалыс күндері күшейтілген карантиннің нәтижесі ретінде қала тұрғындарының арасында ауруды жұқтырғандар санының төмендеуін күтеміз. Енді нәтижесі 2 аптадан кейін белгілі болады - деді Сәуле Қисықова.
Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы денсаулық сақтау министрлігі алдағы демалыс күндері осындай карантиндік шараларды "қайталай ма" деген сұраққа жауап берген жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, мұндай шектеулер бас санитардың шешімі негізінде қабылданады.
12 маусымнан бастап елорданың медициналық ұйымдарында қосымша кереуеттер қайта жасақталды. Соның арқасында төсек-орынның саны 53 пайызға артқан.
Бұған дейін Жұмабек Бекенов қазіргі таңда елімізде 27 541 адам COVID-19 жұқтырғанын мәлімдеді. Оның симптомсыз түрі – 9 809 адамда, симптомды түрі – 17 732 адамда.