Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 23 сәуір, сенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Салдарынан жаңбыр жауады, республиканың батысында нөсер жауын жауады. Тек республиканың солтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша жел күшейеді, найзағай ойнайды, солтүстікте және шығыста – тұман, оңтүстікте – дауыл, күндіз шаңды дауыл, батыста – бұршақ жаууы мүмкін.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде бұршақ жауады, солтүстігінде тұман түседі, облыстың шығысында, батысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай кезінде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында желдің күші - 15-20 м/с.
Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аймақтарда дауыл тұрады, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Өңірдің солтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында найзағай кезінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жел қарқыны - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.
Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі, күндіз солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақтобе облысының батысында, оңтүстігінде жел 18 м/с дейін күшейеді. Қостанай, Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жел екпіні - 15-20 м/с.