Сенаттың жаңа депутаты Әсем Рахметова ант берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жоғары палатаның жалпы отырысында сенатор Конституцияға сай, ант берді.
Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мен тұтастығын нығайтуға, оның Коституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың, өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, - деді Әсем Рахметова.
Еске салайық, кеше Орталық сайлау комиссиясы Сенатқа СҚО-дан сайланған Әсем Рахметоваға депутат куәлігі мен төсбелгісін табыстады.
Әсем Рахметоваға биыл Солтүстік сенатор болып сайланып, кенеттен көз жұмған Гүлмира Кәрімованың мандаты берілді.