Сенаттан кеткен депутатқа Нығматулин жаңа жұмыс тауып берді

9 Қыркүйек 2020, 11:21
1284
Бөлісу:
Сенаттан кеткен депутатқа Нығматулин жаңа жұмыс тауып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Михаил Бортник Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды.

Өздеріңіз білесіздер, Конституциямыздың 57-бабының бірінші тармақшасына сәйкес, Парламенттің әр палатасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін 5 жыл мерзімге қызметке тағайындайды. Осыған орай конституцияның 58-бабы үшінші тармағының жетінші тармақшасы негізінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне Михаил Бортниктің кандидатурасын ұсынамын, - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин. 

Палата депутаттары жалпы отырыста аталған кандидатураны қолдап, дауыс берді.

Михаил Бортник 1960 жылы 3 мамырда Павлодар облысы Ертіс ауданы Ұзынсу ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Павлодар индустриялды институтын, 2002 жылы Орталық Азия университетін тәмамдаған. Өнеркәсіптік жылу энергетика инженері, заңгер.

1982-1998 жылдары Ақтау қаласында техникалық құрал-жабдық жөндеу мастері. Пластмасса зауытында комсомол комитетінің хатшысы. ЛКЖО Шевченко қалалық комитетінің І хатшысы. АКПО АҚ-да жылумен қамтамасыз ету телімінің бастығы, пластмасса зауытының бас энергетигінің орынбасары. 1998-1999 жылдары Ақтау-қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 1999-2008 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары. 2008 жылдың қазан айынан Маңғыстау облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі болған.

Өзгелердің жаңалығы