Сенатта сот жүйесін одан әрі жетілдіру туралы заң қаралды

Кеше, 18:41
187
Бөлісу:
Сенатта сот жүйесін одан әрі жетілдіру туралы заң қаралды
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізді. Онда сот жүйесін және іс жүргізу заңнамасын жетілдіруге қатысты заң талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Парламент депутаттары бастамашы болған заң сотта қорғалу құқығын жүзеге асырудың құқықтық кепілдіктерін күшейтуге, әділ сот жүргізу сапасын арттыруға, судьялардың біліктілігі мен жауапкершілігін күшейтуге бағытталған. Заң Қылмыстық-процестік, Азаматтық процестік, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстерге және басқа да бірқатар заңдарға өзгерістер енгізуді көздейді.

Құжатта азаматтық және қылмыстық іс жөніндегі істерді кассациялық инстанцияда алдын ала қарауды алып тастау ұсынылып отыр. Кассациялық инстанцияда істі алдын ала қарау алып тасталған жағдайда қылмыстық және азаматтық істерді кассациялық инстанцияда қарау мерзімі қайта қаралып, әкімшілік істерге ұқсас, яғни қисынды мерзімде, бірақ алты айдан аспайтын уақытқа белгіленеді.

Сенаторлар заңда 3 кодекс пен 6 заңды қоса алғанда, 9 заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылғанын атап өтті. Депутаттар кеңейтілген отырыс қорытындысы бойынша заңды Палатаға қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы